Омарқұлов Жандос Қастелбекұлы

    ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары

    Омарқұлов Жандос Қастелбекұлы
    Председатель Комитета

    Омарқұлов Жандос Қастелбекұлы

    ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары

    Өмірбаян

    Омарқұлов Жандос Қастелбекұлы 1968 жылдың 27-қаңтарында Жамбыл облысы Луговое ауданы Подгорное аулында дүниеге келген, ұлты қазақ.

    1989 жылы Ресейдің Горьков қаласындағы Кеңес Одағының Маршалы И.Х. Баграмян атындағы жоғары әскери училищесін бітірген.

    2008 жылы Санкт-Петербургтегі армия генералы А.В. Хрулев атындағы Тыл және көлік әскери академиясын аяқтайды.

    1989 жылдың шілдесі мен 2009 жылдың қарашасы аралығында азық-түлік қызметінің офицерінен бастап тыл басқармасының бастығына дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    2009 жылдың қарашасы мен 2013 жылдың мамыры аралығында – ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары.

    2013 жылдың мамыры мен 2014 жылдың мамыры аралығында – ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары.

    2014 жылдың мамырынан бастап – ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары.

    ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасының 20 медалімен наградталған.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен «генерал-майор» шені берілді.