Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы

    Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры

    Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы
    Ректор

    Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы

    Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры

    Өмірбаян

    • 1998-2003 ж.ж.«Тарих және география мұғалімі» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 2011 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған.
    • 2019-2021 ж.ж.International Public Policy and Management мамандығы бойынша University of Southern California (US) университетінде оқыған.
    • 2001-2012 жылдар аралығында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, маманнан факультет деканына дейін еңбек жолынан өтті.
    • 2012 – 2021 жылдары мемлекеттік қызметте болды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде әртүрлі басшылық қызметтер атқарды;
    • 2021-2023 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің Басқарма мүшесі – ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры;
    • 2023 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінде министрдің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары;
    • 2024 жылғы ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ-ның Басқарма төрағасы – Ректоры.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері