Тюлюпов Ерлан Қуанышұлы

    Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төраға орынбасары

    Тюлюпов Ерлан Қуанышұлы
    Заместитель Председателя

    Тюлюпов Ерлан Қуанышұлы

    Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төраға орынбасары

    Өмірбаян

    Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті жанындағы Мемлекеттік қаржы институтының «Қаржы және несие» мамандығы бойынша түлегі, Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясы – заңтану бакалавры, Шпайер қаласындағы Неміс Әкімшілік басқару университетінде «Болашақ» стипендиясы бойынша Мемлекеттік басқару магистрі.

    Еңбек жолын Астана қаласы Қазынашылық басқармасының жергілікті бюджетке қызмет көрсету бөлімінің жетекші қазынашысы ретінде бастаған. Кейін осы басқарманың төлемдерді бақылау бөлімінің бастығы, содан кейін Астана қаласы Қаржы департаментінің коммуналдық заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бастығы болды. 2007 жылы Астана қаласы Қазынашылық департаментінің төлемдерді бақылау басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды, содан кейін ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің Семей қалалық қазынашылық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

    Бұдан кейін ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті заң қызметі және Мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, ҚР ҚМ Бюджеттік заңнама департаменті Бюджетті атқару әдіснамасы басқармасының басшысы ретінде жұмысқа кірісті.

    2018 -2023 жылдар аралығында Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері