
Маржан Есенжанқызы Дінғалиева
Жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы
Өмірбаян
Дінғалиева Маржан Есенжанқызы - 1987 жылы 21 маусымда Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген.
Отбасылық жағдайы: Жұбайы және бір ұлы бар.
Білімі: №1 мектепті Атырау қаласында 2004 жылы аяқтап, 2009 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің заңгер мамандығы бойынша үздік диплом алған.
Еңбек жолы. Әділет органдарында 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, әділет органдарының үздігі, III және II санаттағы заңгер төсбелгілерімен марапатталған.
Еңбек жолын Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2009 жылы тағылымдамашы болып бастаған.
06.2010 жылы Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою жұмыстары бөлімінің жетекші маманы ретінде мемлекеттік қызметке қабылданған.
10.2010 жылы тәжірибе жинау мақсатында өз қалауымен Ақтөбе қаласы Әділет басқармасының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жетекші маман қызметіне ауысқан.
06.2012 жылы Заңды тұлғаларды тіркеу саласында тәжірибе жинау мақсатында Ақтөбе қаласының Әділет басқармасына тиісті саласының жетекші маманы болып ауысқан.
10.2013 жылы Ақтөбе қаласы Әділет басқармасының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
12.2014 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаментінің Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау басқармасына Бас сарапшы болып ауысқан.
02.2020 жылы осы басқарманың басшысы болып тағайындалған.
11.2022 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары болып тағайындалған.
10.2024 жылдан бастап Жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып тағайындалған.
