Раисова Айнұр Мақсұтқызы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Раисова Айнұр Мақсұтқызы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Раисова Айнұр Мақсұтқызы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1977 жылы 02 ақпанда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Октябрьское ауылында дүниеге келген. 1998 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Тарих мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын "Тарих "мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі мамандығы бойынша аяқтады.

    Еңбек жолын 1998 жылы Ақсу қаласының №1 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. 2001-2004 жылдары "Ақсу қаласының ішкі саясат, мәдениет және спорт басқармасы"ММ бас маманының м.а., бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2004-2005 жылдары "Ақсу қаласының қоғамдық қатынастарды талдау және ішкі саясат басқармасы"ММ бас маманы, бастығының м.а. болып жұмыс істеді. 2005 жылы "Ақсу қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"ММ бөлім бастығы болып тағайындалды. 2008-2010 жылдары "Павлодар облысының мәдениет департаменті"ММ бөлім бастығы болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары "Павлодар қаласы әкімінің аппараты"ММ ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылдың 16 мамырынан бастап "Павлодар қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"ММ басшысы болып жұмыс істеді. 2014 жылы Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2019 жылғы төртінші сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері