
Жаксылықова Жанар Қабдылханқызы
Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманының м.а.
Өмірбаян
1981 жылы 26 шілдеде Семей облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары.
2015 жылғы ақпаннан 2015 жылғы қазанға дейін «ШҚО Бородулиха ауданы мәслихатының аппараты» ММ мұрағатшысы болып жұмыс істеді,
2015 жылғы қазаннан 2016 жылғы ақпанға дейін «ШҚО Бородулиха ауданы мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыстың жетекші маманы,
2016 жылдың ақпанынан 2023 жылдың мамырына дейін «Абай облысы Бородулиха ауданы мәслихатының аппараты» ММ нұсқаушысы, инспекторы, аудармашысы, Абай ауданы Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылдың мамыр айынан бастап «Абай облысы Бородулиха ауданы мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру - кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманының м.а. лауазымына қабылданды.
Тұрмыста, 2 баланы тәрбиелеуде.
Жұмыс секторы: Аудандық мәслихат аппаратында кадр мәселесі бойынша құжаттарды дайындауды және олардың орындалуын ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына және мемлекеттік қызмет заңнамаларына сәйкес қызметкерлердің жеке істерін жүргізеді, еңбек кітапшаларына (қызметтік тізім) қажетті жазуларды енгізеді. Аудандық мәслихаттың қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы отырыстарының, мемлекеттік қызметтегі өтілдерін анықтау жөнінде комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыруды, олардың қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізуді ұйымдастырады. Конкурстық және тәртіптік комиссиялардың отырыстарын өткізу үшін қажетті материалдарды дайындайды. Мемлекеттік қызмет туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептерді құрастырады. Мемлекеттік қызметшілердің табыс салығы туралы декларацияларының өткізілуіне бақылау жасайды. Жеке құрам мен негізгі қызмет жөніндегі өкімдердің жобаларын даярлайды, аппарат қызметкерлерінің кезекті еңбек демалысының кестесінің құрылуын және орындалуын ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің орындалуын бақылайды. «Е- қызмет» ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Сессия өтетін күні шақырылғандарды тіркеуге алады және оларға қажетті материалдарды таратады. Қажетіне қарай басқа да мазмұндас міндеттерді орындайды.





