Щербакова Елена Викторовна

    Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

    Щербакова Елена Викторовна
    Руководитель отдела

    Щербакова Елена Викторовна

    Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

    Өмірбаян

    Щербакова Елена Викторовна - Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы.

    1981 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданының, Бородулиха ауылында дүниеге келген. Ұлты-орыс. Білімі-жоғары. 2003 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Новосибирск гуманитарлық институтын бітірді. 2006 жылы есепке алу және аудит мамандығы бойынша М.Әуезов ат. Семей университетін бітірді.

    2002 жылдың қараша айынан 2005 жылдың мамыр айына дейін «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ заңгер болып жұмыс жасады.

    2005 жылдың мамыр айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін «ШҚО Бородулиха ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

    2020 жылдың наурыз айында аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Тұрмыста. 2 баланы тәрбиелеуде.

    Жұмыс секторы: аудандық мәслихаттың сессияларын, тұрақты, уақытша комиссиялардың отырыстарын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды жүзеге асырады. Аудандық мәслихаттың тұрақты, уақытша комиссияларының қаулыларын және сессия шешімдерін дайындайды. Мәслихат шешімдерін орындалуына бақылау жасау жұмыстарын қамтамасыз етеді. Аудандық мәслихаттың уақытша, тұрақты комиссияларына практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді, сонымен қатар аудандық мәслихаттың депутаттарына олардың азаматтарды қабылдау, сайлаушылардың келіп түскен өтініштерін қарау бойынша өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсетеді. Құжаттардың орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды. Аудандық мәслихат хатшысына, аппарат басшысына аудандық мәслихатта жүргізілген жұмыстардың орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпараттарды дайындайды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері