
Өмірбаян
Ибраева Гүлжан Тюлегенқызы – Бородулиха ауданының мәслихат аппаратының басшысы. 1983 жылғы 9 сәуірде Семей облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген, қазақ. Білімі жоғары. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңтану мамандығы бойынша бітірді.
2005 жылы ШҚО Әділет департаменті Бородулиха ауданының Әділет басқармасының маман қызметіне қабылданды.
2007 жылдың шілде айынан бастап ШҚО Әділет басқармасының бас маманы лауазымына тағайындалды.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына дейін "ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бас маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қазан айынын бастап 2020 жылдың ақпан айына дейін ШҚО Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлық және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың 3 ақпанынан бастап ШҚО Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Тұрмыста, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Жұмыс секторы: аудандық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, аудандық мәслихат хатшысының тапсырмалары мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылау жасайды, аудандық мәслихат қызметкерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың қызметтік нұсқаулықтарының орындалуын бақылайды.
