
Қаркенов Асхат Базарбайұлы
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі
Өмірбаян
1983 жылы 12 наурызда дүниеге келген. Білімі жоғары, 2004 жыл, Көкшетау университеті, біліктілігі экономист. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар. Мемлекеттік аудитордың халықаралық сертификатына ие (CIPFA Public Auditor, Ұлыбритания).
Еңбек жолын 2006 жылы Ақмола облысы статистика басқармасының біліктілігі жоғары деңгейдегі маманы болып бастады, онда 2007 жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеді. 2007 жылдың қыркүйек айынан 2008 жылдың маусым айына дейін Қарағанды қ. "Evita Plus" ЖШС бақылаушы болып жұмыс істеді. 2009 жылғы наурыздан 2018 жылғы қазанға дейін Көкшетау қаласы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің №3 сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы, бас маман - мемлекеттік аудиторы лауазымын атқарды. 2018 жылдың қазан айынан 2018 жылдың желтоқсан айына дейін Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы.
2021 жылдың қарашасынан - Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі.
ІІ дәрежелі "Қайсар" төсбелгісімен; республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ІІ дәрежелі "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің үздігі" төсбелгісімен; "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясына 10 жыл" ведомстволық медалімен марапатталған.


