
Өмірбаян
Сабит Аппасұлы 1982 жылы дүниеге келген. Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ түлегі. Білімі – жоғары. Мамандығы – саясаттану оқытушысы, саясаттану.
Өзінің өмір жолында ОҚО жастар ісі және ішкі саясат жөніндегі департаментінің ақпараттық-әдістемелік бөлімінің бас маманы, ОҚО ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, ОҚО ішкі саясат департаментінің «Жастар орталығы» МҚКК директорының орынбасары, ОҚО ішкі саясат департаментінің «Жастар орталығы» МҚКК ақпараттық талдау орталығының жетекшісі, ОҚО ішкі саясат департаментінің «Жастар орталығы» МҚКК директоры, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі, Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Сарыағаш ауданы әкімінің көмекшісі, Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары, ОҚО ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің жетекші маманы, ОҚО ішкі саясат департаментінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қоғамдық-саяси жұмыс жөніндегі кеңесшісі, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі, «Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы» ЗТБ-нің бас директоры, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің басшысы, «Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы» ММ қоғамдық ұйымдармен жұмыс, талдау және мониторингі бөлімінің басшысы, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары мен ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша сектор меңгерушісі, «NUR OTAN» партиясының Шымкент қаласының Еңбекші ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.





