
Байтеміров Азамат Сұлтанұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1980 жылғы 20 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Бiлiмi — жоғары.
2001 жылы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Математика» мамандығы бойынша тамамдады. 2005 жылы Солтүстiк Қазақстан заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдады.
Еңбек жолын 2001 жылы Петропавл қаласындағы Жаңа технологиялар және бiлiм өңiрлiк орталығында маман болып бастады. 2003 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Бiлiм департаментiнiң жетекшi маманы лауазымына мемлекеттiк қызметке өттi. 2008-2013 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты электрондық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң меңгерушiсi болды. 2013 жылғы тамыздан облыс әкiмiнiң ақпараттық технологиялар және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң басшысы лауазымында қызмет еттi. 2021 жылғы 7 желтоқсаннан Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып тағайындалды.