
Қабидолда Бақыткелді Бақытжанұлы
Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Бақыткелді Бақытжанұлы Қабидолда 1997 жылы Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылында дүниеге келген.
Бiлiмi: Жоғары
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы:
2013-2016ж Қазақ бас сәулет – құрылыс академиясы жанындағы колледжі. Мамандығы-Дизайн.
2019-2022ж М. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті. Мамандығы-Құрылыс.
2022-2025ж Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті. Мамандығы-құқықтану.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
2016-2018 жылдары «Палафит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шебері.
2018-2019 жылдары «Ескелді ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт негізінде маманы.
2019-2023 жылы «Ескелді ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2023-2026 жылдары Кербұлақ ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылдың 11 наурыздан бастап – Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары.
Үйленген, бір баласы бар.



