
Анаев Маргулан Ардаулы
әкімінің орынбасары (Коммуналдық саласының, байланыс, энергетика, жерге орналастырушылық, тұрмыстық қоры, ТЖ және АҚ, құрылыс, поселкенің сәулеттік келбеті . Әлеуметтік даму саласының бағдарламасын үйлестіру, өнеркәсіптік кәсіпорынның, орта және шағын бизнестің, құқық қорғау органдапр жұмысы, бюджетке салық және басқа міндетті төлемдерді жинау мәселелері бойынша.
Өмірбаян
Анаев Маргулан Ардаулы, 1989 жылы 30 қыркүйекте Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.
1996-2007 жылдары Егіндібұлақ ауылының №5 мектебінде білім алған.
7 - 2011 жж Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. «Жылу энергетикасы» мамандығы. Жылу энергетикасы бакалавры.
2008 - 2010 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы әскери кафедрада оқыды, запастағы сержант.
Үйленген.
2011 жылғы қараша айынан 2013 жылғы ақпан айына дейін «Шахтинск ЖЭО» АҚ станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ӨТБ бөлімінде кеңесші болып жұмыс істеді.
2013 жылғы ақпан айынан 2013 жылғы шілде айына дейін «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, энергетика, сумен жабдықтау және суды бұру бөлімдерінің инженері болып жұмыс істеді.
2013 жылдың шілде айынан 2013 жылдың қараша айына дейін «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, тіршілікті қамтамасыз ету секторының инженері болып жұмыс істеді.
2013 жылғы қарашадан 2022 жылғы наурызға дейін «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
2022 жылғы наурыздан 2022 жылғы 27 қарашаға дейін "Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ басшысы.
2022 жылғы 28 қарашада Ақтас кенті әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
