
Әбеуов Рашид Бегілікұлы
Ақтоғай ауданының мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Әбеуов Рашид Бегілікұлы 1975 жылы 26 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылдық округінде туған.
А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін (1997ж) техникалық пәндер мұғалімі және кәсіптік бағдар беру әдіскері, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2005ж) мемлекеттік және жергілікті басқару қызметі мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы, үш баласы бар.
1993-1996 жылдары Жезқазған қаласында «Жезқазғантүстіметал» акционерлік қоғамына қарасты №5 балабақшада, Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасының күзет бөлімінде күзетші болып жұмыс жасаған.
1997-2001 жылдары Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылдық округіне қарасты «Кеңасу» шаруа қожалығында жұмыскер болып еңбек еткен.
2001-2002 жылдары аралығында Қызыларай орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болған.
2002-2008 жылдары Қызыларай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарған.
2008-2014 жылдары аралығында Қызыларай ауылдық округінің әкімі.
2014-2015 жылдары Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымын атқарды. 2016 жылдың қаңтар айынан 25 наурызға дейін «Кеңасу» шаруа қожалығы жетекшісінің орынбасары болып жұмыс жасады.
2016 жылдың 28 наурызынан бастап аудандық мәслихат хатшысы.
