Мұратов Талғатㅤ Батырұлы

    Абай облысы Бородулиха ауданының әкімі

    Мұратов Талғатㅤ Батырұлы
    Әкім

    Мұратов Талғатㅤ Батырұлы

    Абай облысы Бородулиха ауданының әкімі

    Өмірбаян

    Талғат Батырұлы Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын "сарапшы-бағалаушы" мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақстан инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін "Техника және технология"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1993 жылғы 14 ақпанда Семей қаласындағы «Стройдеталь» жеке кәсіпорнының атқарушы директоры қызметінен бастады. 2005 жылы «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист болып еңбек жолынжалғастырды. Кейін коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды: «Комфорт Экспресс» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары, «Тау-кен металлургиялық жабдықтар конструкторлық бюросы» ЖШС Семей филиалының директоры, «Шығыс Самғау» ЖШС бас директорының орынбасары болды. 2014 жылы «АТФ Банк» АҚ филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.

    2014 жылғы қыркүйек айынан бастап мемлекеттік қызметке кірісіп, Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас инженері болып жұмыс істеді. Кейін осы бөлімнің бас маманы қызметіне тағайындалды. 2016 жылы мемлекеттік қызметі Жарма ауданында жалғастырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің инспекторы, кейін бөлім басшысының міндетін атқарушы, ал 2016 жылғы қыркүйектен бастап Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2018 жылғы 23 қаңтарда Жарма ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылғы 6 қазанда Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2024 жылғы 23 желтоқсанда Абай облысы Семей қаласының әкімі болып тағайындалды.

    2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    2026 жылғы 15 шілдеде Абай облысы Бородулиха ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері