
Руководитель аппарата
Тлепов Ербол Мырзабайұлы
Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Мен, Тлепов Ербол Мырзабайулы, 1981 жылы 21 шілдеде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы Н.Крупская атындағы қазақ орта мектебін бітірдім.
2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тарих факультетінің Қазақстан тарихы бойынша мамандығын және 2018 жылы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша «қаржы» біліктілігін алдым.
2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери борышымды өтедім.
2004-2005 жылдары Ойыл қазақ орта мектебінде тарих пәні мұғалімі қызметін атқардым.
2005-2006 жылдары Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жетекші маман,
2006-2008 жылдары Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман,
2008 -2015 жылдары Ойыл аудандық білім бөлімінің бас маманы қызметтерін,
2015-2016 жылдары Ойыл аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары,
2016-2019 жылдары Ойыл аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін атқардым.
2019 жылдың 4 мамырдан бастап қазіргі кезге дейін Ойыл ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарудамын.

