
Өмірбаян
Рсымбетова Айнаш Аблашовна 1968 жылы 15 қарашада, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылсоветі, Талаптан ауылында дүниеге келген. 1975-1985 жылдары аралығында Шиелі кентіндегі №45 «Октябрьдің ХIV жылдығы атындағы қазақ орта мектебінде он жыл білім алған. 1985-1990 жылдары Алматы қаласы, Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ ауылшаруашылық институтыны, ауылшаруашылығы экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары, отбасылы.
Еңбек жолы:
15.08.1990 ж.-12.03.1992 ж. – Шиелі агроөнеркәсіп бірлестігінің аға бухгалтер, Шиелі кенті.
28.02.1992 ж.-21.02.1996 ж. – Шиелі ауданы әкімшілігінің бас бухгалтері, Шиелі кенті.
21.02.1996 ж.-12.02.2001 ж. – Шиелі ауданы әкімі аппаратының жалпы жұмыс секторының бас маманы, Шиелі кенті.
12.02.2001 ж.-04.01.2012 ж. – Шиелі ауданы әкімі аппараты, құжаттамалық-қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы, Шиелі кенті.
04.01.2012 ж.-21.01.2016 ж. - Шиелі ауданы әкімі аппараты құжаттамалық-қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы, Шиелі кенті.
21.01.2016 ж.-23.06.2017 ж. – «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы.
23.06.2017 ж.- осы кезде - «Шиелі ауданының мәслихат аппарат» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы.
