Бейсембаева Дина Уақытқызы

    Бөлім басшысы

    Бейсембаева Дина Уақытқызы
    Руководитель отдела

    Бейсембаева Дина Уақытқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    1987 жылы Көкшетау облысы Келлер ауданы Талап ауылында дүниеге келген. 2009 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін («Тарих» бакалавры), 2012 жылы – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін («Құқық» магистрі) үздік тәмамдады.

    Еңбек қызметін 2009 жылы Кеңес Одағының Батыры И.Бережной атындағы Келлер орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі және әлеуметтік педагог болып бастаған.

    2012 жылдан 2021 жылға дейін – «Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы.

    2021 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін – Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының мәдениет объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

    2021 жылдың қараша айынан – «Ақмола облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің» басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері