Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштерінің Қолбасшысы

    Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы
    Заместитель начальника

    Омарбеков Айтқұрман Жоламанұлы

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштерінің Қолбасшысы

    Өмірбаян

    Туған жері және жылы:

    1977 жыл, Абай облысы.

    Білімі:

    Ресей Федерация Қорғаныс министрлігінің Әскери университеті, мамандығы «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру»;

    Еуразия гуманитарлық институты, мамандығы «Юриспруденция».

    Отбасылық жағдайы:

    Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

    1997-2014 жж. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланындағы қызмет.

    2014–2022 жж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет.

    2022 жылғы қаңтарда ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

    2022 жылғы ақпанда ҚР Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер Қолбасшысы болып тағайындалды.

    Мемлекет басшысының 2022 жылғы 22 қазандағы №1057 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры" арнаулы атағы берілді.

    ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медальдарымен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері