
Ибрайшин Архат Әлімғазыұлы
Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Ибрайшин Архат Әлімғазыұлы 1972 жылы 26 маусымда Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары 1994 жылдың қыркүйек айында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына сырттай оқуға түсіп, 2000 жылы шілде айында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2002 жылы Орталық Азия университетіне «құқықтану» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 2005 жылы бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімі болып бастады. 2017 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2021 жылдың 25 шілдесіндегі Қазақстан тарихындағы алғаш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлауының қорытындысына сәйкес, Мамырсу ауылдық округі әкімі болып сайланды. 2023 жылы Аягөз аудандық мәслихатының №12 сайлау округының депутаты болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі. 2023 жылдың 30 наурызында өткізілген сегізінші шақырылған Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының бірінші сесссиясында Аягөз аудандық мәслихат төрағасы лауазымына сайланды.





