
Батталов Кайыргельды Ислямович
"Ақмола облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы" ММ басшысы
Өмірбаян
1977 жылы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Білімі – Заңтану және экономика мамандықтары бойынша жоғары, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.
Еңбек жолын 1999 жылдың сәуір айынан бастап Көкшетау қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы болып бастады. 2001 жылдан 2017 жылға дейін мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарды атқарды. 2017-2019 жылдары – «Қаржы орталығы» АҚ вице-президенті. 2019-2020 жылдары – Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің орынбасары. 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың қазанына дейін «Тыныс» АҚ жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы. 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары болып қабылданды. 2022 жылғы 2 ақпаннан бастап аталған басқарманың басшысы болып тағайындалды.
