
Алпысбайұлы Қасымхан
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
Өмірбаян
Туған күні: 21.10.1977 ж.
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы.
Білімі, мамандығы:
2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Орталық-Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
2000 – 2000 жж. Алматы қаласының Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер бактериологы;
2000 – 2002 жж. Алматы қаласының Түрксіб ауданы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының еңбек гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері;
2002 – 2003 жж. Алматы қаласының Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тағам гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері;
2003 – 2004 жж. Алматы қаласының Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің жетекші маманы-санитарлық дәрігері;
2004 – 2005 жж. Алматы қаласының Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бас маманы-санитарлық дәрігері;
2005 – 2008 жж. Алматы қаласының Жетісу ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бас маманы-санитарлық дәрігері;
2008 – 2009 жж. Алматы қаласының Әуезов ауданы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бас маманы-санитарлық дәрігері;
2009 – 2009 жж. Алматы қаласының Әуезов ауданы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бастығы;
2009 – 2014 жж. Алматы қаласының Жетісу ауданы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;
2014 – 2017 жж. Алматы қаласының Медеу ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
2017 – 2019 жж. Алматы қаласының Медеу ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
2019 – 2020 жж. Алматы қаласының Медеу ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы;
2020 - 2022 жж. Алматы қаласының Медеу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы;
2022 жылдың 3 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.
Жұмыста жеткен жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларымен, «Халық алғысы» медалімен марапатталған.


