Кожиков Ерболат Сельбаевич

    Төраға

    Кожиков Ерболат Сельбаевич
    Председатель

    Кожиков Ерболат Сельбаевич

    Төраға

    Өмірбаян

    1976 жылы 27 наурызда Ақтөбе облысы, Жарқамыс ауылында дүниеге келген.

    1998 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін "Химия және экология" мамандығы бойынша бітірді.

    2000 жылы Алматы қаласындағы "Әділет" Құқық жоғары мектебін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Медальдармен: Ресей Федерациясы Үкіметінің "адамның ғарышқа алғашқы ұшқанына 60 жыл" естелік медалімен, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Экология саласының үздігі" ведомстволық төсбелгісімен марапатталған.

    Еңбек жолын 1998 жылы мұнай және газ өндіру жөніндегі 2-разрядты оператор лауазымынан бастады. 1998 жылдан 2004 жылға дейін Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының 2,3,4 және 5-разрядты Мұнай және газ өндіру операторы болып жұмыс істеді.

    2004-2008 жылдары Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының атмосфералық ауаны қорғауды және радиациялық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы лауазымында жұмыс істеді.

    2008-2009 жылдары Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының "Фирма АдаОйл" ЖШС инженер эколог лауазымында жұмыс істеді.

    2009 жылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология департаменті Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманының м.а., бас маманы болып жұмыс істеді.

    2009-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті Экологиялық реттеу бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Экологиялық реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеді, Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі бақылау және мемлекеттік инспекциясының бастығы.

    2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары-Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

    2020 жылдан 2022 жылға дейін Нұр - сұлтан қаласында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы-Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

    2022 жылдан 2024 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының Нұр-сұлтан қаласындағы Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

    2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасы.