
Охременко Сергей Владимирович
Қала әкiмi
Өмірбаян
1974 жылы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген. Ұлты орыс.
1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін юриспруденция мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша мамандығына ие болды.
Еңбек жолын 1991 жылы Зырян қаласының Мәдениет және техника сарайында электр жарық берушінің оқушысы болып бастады.
Мемлекеттік қызметке 1999 жылы түсті. 2016 жылдың 03-маусымында «Зырян ауданының әкім аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалуына дейін еңбек пен халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторы, Зырян ауданы – Зырян қаласы әкім аппаратының жетекші маман-заңгері, Зырян аудандық жер ресурстарымен басқару жөніндегі бөлімнің басшысы, «Соловьевские Нивы и К» ЖШС заңгері, Зырян ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.
2016 тамыз айынан 2025 ақпан айына дейін Алтай ауданы әкімінің орынбасары.
2025 ақпан айынан бастап Алтай ауданы Алтай қаласының әкімі.




