
Әлібекұлы Нұрлыбек
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Әлібекұлы Нұрлыбек әділет подполковнигі. 1986 жылы 28 тамызда ОҚО, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, заңгерлік. 2007 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжін, 2009 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын бітірген.
Бокстан спорт шеберіне үміткер.
Құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бастап қызмет етеді.
2007 жылдан 2012 жылға дейін кадр қызметінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2012 жылдан 2015 жылға дейін - қылмыстық іздестіру бөлімінің хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру және белгісіз мәйіттердің жеке басын анықтау тобының жедел уәкілі.
2016 жылдан 2021 жылға дейін ОҚО ІІО аудандық және облыстық бөлімшелерінде басшылық лауазымдарды атқарды.
2021-2022 жылдары - Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімшесінің бастығы
30 қаңтарда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №78 мекемесінің бастығы лауазымына тағайындалды
