
Мұқаев Мұрат Рахметұлы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Мұрат Рахметұлы Мұқаев 1969 жылы 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Фурманов ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-Жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – «Бухгалтерлік есеп-экономист».
Тағайындалған күні: 30.02.2023
Әр түрлі жылдары:
- Фурманов ауданы мемлекеттік салық инспекциясының есепке алу инспекторы, БҚО Фурманов ауылы
БҚО «Игілік банк» филиалының жетекші маманы, несилеу және қаражат айналымы бөлімінің жетекші маманы, аға маманы, Орал қаласы
- Қазақстан Халық Жинақтаушы банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бухгалтерлік есеп және біріңғай қор шоты бөлімінің бухгалтері, операциялық жұмыс басқармасының заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің менеджері, Орал қаласы
- Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау басқармасы «Сайхын» кедендік бекетінің инспекторы, кедендік төлеу бөлімінің инспекторы, бас инспекторы, кедендік төлеу және валютаны бақылау бөлімінің аға инспекторы, кедендік инспекторлық қызметі және кеден-бекеттік бақылау қызметінің бас инспекторы, валютаны бақылау бөлімінің басшысы, Орал қаласы
- Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының кедендік төлемдер бөлімінің басшысы,кедендік түсімдер бөлімінің басшысы, басқармасы басшысының орынбасары, департамент басшысының орынбасары, Орал қаласы
- ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Орал-кедендік ресімдеу орталығы» бекеті басшысының міндетін атқарушысы, кедендік бақылау департаментінің «Орал-кедендік ресімдеу орталығы» бекетінің басшысы, Орал қаласы
ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Өскемен-кедендік ресімдеу орталығы» бекеті басшысының міндетін атқарушысы, кедендік бақылау департаментінің «Өскемен-кедендік ресімдеу орталығы» бекетінің басшысы, Өскемен қаласы
- Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Тасқала» кедендік бекетінің басшысы, БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы
- Орал қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, БҚО, Орал қаласы
- БҚО Жәнібек ауданының әкімі, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы
- БҚО Теректі ауданының әкімі, Теректі ауданы, Федоровка ауылы
- БҚО Орал қаласының әкімі, Орал қаласы
- "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары
- «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы
- «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы
- 30.03.2023 жылдан бастап - Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы
