Жүгінісов Болат Теміржанұлы

    Құрманғазы аудандық мәслихатының хатшысы

    Жүгінісов Болат Теміржанұлы
    Председатель маслихата

    Жүгінісов Болат Теміржанұлы

    Құрманғазы аудандық мәслихатының хатшысы

    Өмірбаян

    1966 жылы 20 қарашада Гурьев облысы Теңіз ауданы Киров селолық кеңесінде дүниеге келген.

    Білімі жоғары, 1991 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын зооинженер мамандығы бойынша, 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің сырттай бөлімін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1991 жылы аудандық дайындау мекемесінде дайындаушы болып бастап, қойма меңгерушісі, дайындау мекемесінің директоры болып жасаған.

    1995-1999 жылдары «Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, 2000-2005 жылдары «Серпер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметтерін атқарды.

    2005 жылдан бастап 2016 жыл аралығында «Серпер-2» және «Серпер-сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры қызметін атқарған.

    2007 жылдан бастап аудандық мәслихаттың ІV, V, VІ шақырылымдарының депутаты болып сайланып, V шақырылымда экономкика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болды. «NurOtan» партиясының мүшесі, мәслихат жанындағы «NurOtan» партиясының депутаттық фракциясының және «NurOtan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.

    2016 жылдың 1 сәуірінен бастап VІ шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

    2021 жылы 15 қаңтарда аудандық мәслихаттың шешімімен VІІ шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

    Еңбек еткен жылдарында Атырау облысының «Құрмет грамотасымен» (2009ж), Құрманғазы ауданының «Құрмет грамотасымен» (2011ж), Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен», «Nur Otan» партиясы Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен (2014ж), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен (2014ж), Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Құрмет грамотасымен (2016ж), «Атырау мәслихаттарына 25 жыл» медалімен (2019ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. Жанұялы, 4 баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері