Айтбаев Нурбол Жайынбаевич
Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы
Өмірбаян
Айтбаев Нұрбол Жайынбайұлы
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы
Жалпы ақпарат, білім
Азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрбол Жайынбайұлы Айтбаев 1989 жылы 05 қазанда ОҚО Шардара қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ.
2011 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірді. Білімі бойынша мамандығы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация».
2011 жылдың шілде айынан бастап-Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Метрополитен» ШЖҚ МКК автоматика, сигнализация, байланыс және ақпараттық технологиялар қызметінің Радиобайланыс және телебақылаулар учаскесінің электромеханигі.
2012 жылғы сәуірден бастап Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Метрополитен» ШЖҚ МКК автоматика, сигнализация,байланыс және ақпараттық технологиялар қызметінің Радиобайланыс және телебақылаулар учаскесінің бастығы.
2012 жылдың қазанынан 2015 жылдың маусымына дейін Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Метрополитен» ШЖҚ МКК автоматика, сигнализация және байланыс қызметінің Радиобайланыс және телебақылаулар учаскесінің жетекші инженері.
2016 жылғы тамыздан 2018 жылғы ақпанға дейін-Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы «Метрополитен» ШЖҚ МКК автоматика, сигнализация және байланыс қызметінің күзет-өрт сигнализациясы учаскесінің 7-разрядты электр механигі.
Азаматтық қорғау органында 2018 жылдың ақпан айынан қызмет атқарады
2018 жылдың ақпан айынан бастап-Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті штабы бас маманының міндетін атқарушы (міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін).
2018 жылдың маусым айынан бастап-Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті штабының бас маманы.
2019 жылдың сәуір айынан бастап-Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.
2019 жылғы желтоқсаннан бастап-Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ №13 Өрт сөндіру бөлімінің инженері лауазымына тағылымдамадан өтуші (бастапқы даярлықтан өткенге дейін).
2020 жылдың наурыз айынан - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ №13 Өрт сөндіру бөлімінің инженері.
2020 жылдың маусымынан – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттандыру және байланыс бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы.
2020 жылдың тамыз айынан бастап-Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру және байланыс бөлімінің бастығы.
2020 жылғы қарашадан бастап - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы.
2021 жылғы қаңтардан бастап - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы.
Жұмыстағы әртүрлі жетістіктері үшін ҚР ТЖ Министрі мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығынан марапаттаулар алады.
Отбасы жағдайы: үйленген, екі бала тәрбиелеуде.



