
Сұрағанова Айнагүл Ағыбайқызы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басшысы
Өмірбаян
Сураганова Айнагуль Агыбаевна 1974 жылы туған. 1999 жылы М.Жумабаев ат. Петропавл гуманитарлық колледжін бітірген, 2003 жылы – Солтүстік Қазақстан университетін, 2016 жылы – Ресей Федерациясының Омск мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.
1993-1996 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының, Совет ауданының Аралағаш орта мектебінің бастауыш сыныптардағы мұғалімі
1996-1997 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының, Петопавл қаласындағы № 1 кәсіби-техникалық мектебінің қазақ тілі оқытушысы
1999-2004 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Рублевка орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, директордың орынбасары
2004-2006 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы Білім департаментінің орта білімнің үйлестіру және дамыту бөлімінің бас маманы.
2006-2012 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы, Петопавл қаласы, «Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей- интернаты» ММ директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары
2012-2017 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы, Петопавл қаласындағы «№23 орта мектебі» КММ директоры
2017-2019 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы, «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ басшысы
2019-2022 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
2022-2024 жж. - Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалған.
2024 жылдың 3 шілдесінен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы болып тағайындалды


