Рау Александр Петрович

    Начальник Управления государственного пожарного контроля

    Начальник

    Рау Александр Петрович

    Начальник Управления государственного пожарного контроля

    Өмірбаян

    Жалпы ақпарат, білім

    Азаматтық қорғау полковнигі Александр Петрович Рау, 1980 жылы 06 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген, ұлты неміс.

    2001 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясын «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітірген.

    2005 жылы Қазақстан Республикасы ТЖ агенттігінің Көкшетау техникалық институтын бітірді. Мамандығы «Өрт қауіпсіздігі».

    Азаматтық қорғау органында 1997 жылғы 01 қыркүйектен бастап қызмет атқарады.

    – 2005 жылғы наурыздан - Алматы қаласы Мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері.

    - 2007 жылғы тамыздан - Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаменті Өртке қарсы нормалау басқармасының бас маманы.

    - 2012 жылғы қарашадан - Алматы қаласы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

    - 2015 жылғы наурыздан - Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.

    - 2015 жылғы желтоқсаннан - Алматы қаласы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ сынау өрт зертханасының бастығы.

    - 2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін - Алматы қаласы ТЖ Департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы.

    Отбасы жағдайы: үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері