Жакупов Руслан Ергалиевич

    "Астана бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС Бас директоры

    Жакупов Руслан Ергалиевич
    Директор

    Жакупов Руслан Ергалиевич

    "Астана бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС Бас директоры

    Өмірбаян

    Р.Е. Жакупов 1985 жылы 7 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

    Екі жоғары білімі бар: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дизайн» мамандығы бойынша (2007ж.), Еуразия гуманитарлық институты, құқық бакалавры (2015ж.).

    Еңбек жолындағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ баға жетпес үлесі мен еңбегі үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің алғыс хаттарымен (2011, 2015, 2016, 2021жж.) марапатталды, Нұр-Сұлтан қаласының сәулет және қала құрылысын дамытуға қосқан елеулі шығармашылық үлестері үшін Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды (2011, 2012, 2014, 2017жж.), Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды (2019ж.), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының алғыс хатымен марапатталды (2020ж.).

    • Еңбек жолын 2007-2008 жылдар аралығында Астана қаласының «Нұр-Сәулет» ЖШС сызбашы-жобалаушы лауазымында бастады.
    • 2008-2018жж. – «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ енгізілетін объектілерді пайдалануға қабылдау және қала құрылысы кадастры бойынша б ақылау бөлімінің бас маманы, басшысы болып жұмыс істеді.
    • 2018-2019жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы директорының орынбасары лауазымында болды.
    • 2019ж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» РММ спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы.
    • 2020ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» МКК директорының орынбасары.
    • 2020-2022жж. – «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ реконструкциялауға рұқсат құжаттарын беру, қала құрылысы кадастры және пайдалануға берілген объектілерді үлестік қатысу шарттарын есепке алу бөлімінің басшысы.
    • 2022 жылғы 22 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС директоры лауазымында.