Сарманов Талгат Манафович

    Көкпекті аудандық мәслихаты, Төраға

    Сарманов Талгат Манафович
    Председатель маслихата

    Сарманов Талгат Манафович

    Көкпекті аудандық мәслихаты, Төраға

    Өмірбаян

    1963 жылы 23 шілдеде Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары, 1985 жылы Семей Зоотехникалық-Ветеринарлық Институтын "Ветеринария" мамандығы бойынша бітірген.

    1985-1990 жылдары –«Ұзынбұлақ» совхозының ветеринар дәрігері.

    1990-1994 жылдары – «Ұзынбұлақ» совхозының зоотехнигі.

    1994-1996 жылдары-«Толағай» КМК бас зоотехнигі.

    1996-1997 жылдары-«Шегелек» АҚ бас зоотехнигі.

    1997-1999 жылдары-«Шегелек LTD» ЖШС бас зоотехнигі және ветеринар дәрігері.

    1999-2000 жылдары-«Табигат» ШҚ бас зоотехнигі және ветеринар дәрігері.

    2000-2001 жылдары-Көкпекті аудандық аумақтық басқармасының ҚР АШМ бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы.

    2001-2006 жылдары-Көкпекті ауылы Көкпекті аудандық аумақтық басқармасының ҚР АШМ бөлімінің бастығы.

    2006-2011 жылдары-Көкпекті ауылы Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының ҚР АШМ бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы және ветеринариялық бөлімінің бастығы.

    2011-2012 жылдары-Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясы ҚР АӨК КММ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық және асыл тұқымды инспекция бөлімінің бастығы.

    2012-2014 жылдары- ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы

    2014-2016 жылдары-«Көкпекті мал дәрігер» КМК директоры.

    2016-2021 жылдары- Алтыншы шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы.

    2021-2023 жылдары-Жетінші шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы.

    2023 жылдың 30 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін сегізінші сайланған Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері