
Беготаева Қадиша Қабылдақызы
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Қадиша Қабылдақызы 1969 жылы туған, қазақ, жоғары экономикалық білімі бар. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын аяқтаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Железин аудандық тұтынушылар одағының бас бухгалтері, бас бухгалтер орынбасары болып бастады.
1999 жылдың желтоқсанынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін Железин ауданының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және экономика бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.
2005 жылдың қаңтарынан 2006 жылдың қаңтарына дейін Железин ауданының экономика және қаржы бөлімінің қаржы және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі басшысының орынбасары болып еңбек етті.
2006 жылдың қаңтар айы мен 2015 жылдың шілде айы аралығында Железин ауданының қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2015 жылдың шілде айы мен 2021 жылдың ақпан айына дейін Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2021 жылғы 8 ақпаннан бастап - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан астам.
Қадиша Қабылдақызы қаржы, экономика, сауда, Мемлекеттік мүлік, монополияға қарсы реттеу және тұтыну нарығы мәселелеріне жетекшілік етеді.



