ВАКАНСИЯ ВАКАНСИЯ
Науырзым ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, жоғары тұрған мемлекеттік билік органдарының және қала әкімінің қаулылары мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастырады.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту, жастар және ішкі саясат, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, ономастика мәселелеріне жетекшілік етеді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен балалар және жалпы білім беру мекемелерінде білім беру қызметтерін ұсыну мәселелері бойынша; қала халқының денсаулық сақтау мәселелері бойынша денсаулық сақтау басқармасымен өзара іс-қимыл жасайды.
жұмыстарын үйлестіреді.
Қостанай қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның;
Қостанай қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның;
атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу жөніндегі комиссияға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;
1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның;
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссияның;
қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі консультативтік-кеңесші органның, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның;
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің; мүгедектер істері жөніндегі кеңестің
Қостанай қаласы әкімдігінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді.
Өз құзыреті шегінде өз бағыты бойынша республикалық және облыстық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және мерзімін бақылауды жүзеге асырады.
«Науырзым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
«Науырзым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің;
«Науырзым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтерін үйлестіреді.
Өзара ic-қимылды жүзеге асырады:
жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемлекеттік аумақтық және облыстық органдармен;
жобалау институттарымен;
қаланың қорғаныс icтepi жөніндегі басқармасымен;
қалалық зейнетақы төлеу орталығы филиалымен;
қалалық медициналық мекемелермен;
баспа кәсіпорындарымен;
қоғамдық бірлестіктермен, оның iшiнде қалалық Ардагерлер кеңесімен және мүгедектер қоғамымен;
бұқаралық ақпарат құралдарымен;
қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдары;
саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен, кәсіподақтармен, қорлармен, дін конфессиялармен, шығармашылық одақтармен, үкіметтік емес ұйымдармен.



