
Шахматова Ольга Николаевна
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
1976 жылы 17 қаңтарда Қостанай қаласында туды. Білімі жоғары, 1997 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын аяқтады, экономист-ұйымдастырушы біліктілігі тағайындалған, мамандығы – АӨК экономика және менеджмент.
1976 жылы 17 қаңтарда Қостанай қаласында туды. Білімі жоғары, 1997 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын аяқтады, экономист-ұйымдастырушы біліктілігі тағайындалған, мамандығы – АӨК экономика және менеджмент.
Еңбек қызметі:
09.1997 - 02.1998 Қостанай облыстық статистика басқармасы жиынтық жұмыстар бөлімінің экономисті;
02.1998 - 07.1999 Қостанай облысының статистика басқармасы жиынтық жұмыстар бөлімінің аға маманы;
07.1999 - 08.1999 Қостанай облысы Статистика басқармасының аға маманы;
09.1999 - 11.1999 Қостанай облысының Ақпараттық-статистикалық орталығының экономиканың индустриалдық секторы статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету тобының 2 дәрежедегі маманы;
12.1999 - 12.1999 Қостанай облысының Ақпараттық-статистикалық орталығының экономиканың индустриалдық секторы статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету тобының жетекші маманы;
01.2000 - 12.2004 Қостанай облысының Ақпараттық-статистикалық орталығының өнеркәсіп өндірісі статистикасын ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
01.2005 - 05.2005 Қостанай облысының Статистика басқармасы экономиканың индустриалдық секторы статистикасы бөлімінің маманы (штаттан тыс қызметкер);
05.2005 - 01.2006 Қостанай облысының Статистика басқармасы экономиканың индустриалдық секторы статистикасы бөлімінің бастығы ;
01.2006 - 04.2008 Қостанай облысының Статистика басқармасы өндіріс статистикасы бөлімінің бастығы;
05.2008 - 09.2008 Қостанай облысы бойынша Статистика департаменті өндіріс статистикасы бөлімінің бастығы;
10.2008 - 10.2008 Қостанай облысы бойынша Статистика департаменті кәсіпорындар қаржысы, құрылыс және инвестициялар статистикасы бөлімінің бастығы ;
10.2008 - 04.2013 Қостанай облысы бойынша Статистика департаменті бастығының орынбасары;
04.2013 - 11.2014 Қостанай облысының Статистика департаменті басшының орынбасары;
11.2014 - 11.2020 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаменті» РММ басшысының орынбасары;
11.2020 – осы уақытқа дейін «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін атқарады.
2007 жылы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
2013 жылы «Статистика үздігі» төс белгісімен марапатталды.
