
Өмірбаян
1980 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысының Тараз қаласында туған.
2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін Халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы, 2016 жылы Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2016 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын Статистика мамандығы бойынша бітірген, Экономика және бизнес магистрі.
2000 - 2004 жылдар аралығында ҚР Статистика агенттігі АЕО РМК-да маман.
2004 - 2014 жылдар аралығында ҚР Статистика агенттігінде жетекші маман, сарапшы, бас сарапшы, басқарма бастығы, басқарма басшысы.
2014 - 2018 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде бас сарапшы.
2018 - 2019 жылдар аралығында Түркістан облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары.
2019 жылғы шілдеден бастап 2020 жылғы 6 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылғы 6 қарашадан 2022 жылғы 02 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары.
2022 жылғы 02 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

