
Өмірбаян
1968 жылғы 18 желтоқсанда Маңғыстау облысында туған.
2000 жылы Қазақстан тұтынушылар Одағының Алматы есеп технологиялық колледжінің Ақтау филиалын «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша бітірді.
2005 жылы Алматы экономика және статистика Академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
1986 жылдан бастап 1993 жыл аралығында Маңғышлақ облысы статистика басқармасы Есептеу орталығының Электрондық есептеу машиналарды пайдалану бөлімі операторы болып жұмыс істеді.
1993-1995 жылдары - Манғыстау облысының статистика басқармасы Өнеркәсіп статистикасы тобының 1 категориядағы экономисті.
1995-1997 жылдары - Маңғыстау облысы статистика басқармасы Халықтың өмір деңгейін зерттеу статистикаы тобының 1 категориялы экономисті.
1997-1999 жылдары - Маңғыстау облысы статистика басқармасы Үй шаруашылығы статистикасы бөлімінің 2 категориялы маманы.
1999-2002 жылдары - Маңғыстау облысы Ақпараттық-статистиқалық орталығы Үй шаруашылығы статистикасы бөлімінің 2 категориялы маманы.
2002-2005 жылдары - Маңғыстау облысы Ақпараттық-статистиқалық орталығы Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы.
2005 жылдың қаңтарынан мамырына дейін - Маңғыстау облысы Есептеу орталығы ЕММ Бағдарламалау, жүйелі және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы.
2005 жылдың мамырынан шілдесіне дейін - Маңғыстау облысы статистика басқармасы Қаржы бөлімінің маманы.
2005-2006 жылдары - Маңғыстау облысы статистика басқармасы Статистикалық талдауды ұйымдастыру, жиынтық жұмыстар және тіркелімдер бөлімінің бас маманы.
2006-2009 жылдары - Маңғыстау облысы статистика басқармасы Тіркелімдер бөлімінің бастығы.
2009-2010 жылдары - Статистикалық тіркелімдермен және статистикалық пайдаланушылармен жұмыс басқарма бастығы.
2010-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Маңғыстау облысы статистика департаменті басшысының орынбасары.
2018-05.11.2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Маңғыстау облысы статистика департаментінің басшысы болды.
2020 жылғы 6 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы.

