
Ыбраев Еламан Нұрбергенұлы
Цифрландыруды дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ыбраев Еламан Нұрбергенұлы 1999 жылғы 22 мамырда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауылында дүниеге келген. 2020 жылы «Туран – Астана» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
2021 жылғы 17 мамырдан 2021 жылғы 15 қазанға дейін — Бейнеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің әдіскері, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы.
2022 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 9 ақпанға дейін — Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыруды дамыту бөлімінің статисті, Ақтау қаласы.
2023 жылғы 13 ақпаннан 2023 жылғы 12 сәуірге дейін — Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыруды дамыту бөлімінің бас маманы қызметін уақытша атқарушы, Ақтау қаласы.
2023 жылғы 13 сәуірден 2025 жылғы 31 наурызға дейін — Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыруды дамыту бөлімінің бас маманы.
2025 жылғы 1 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыруды дамыту бөлімінің басшысы, Ақтау қаласы.