
Сербаева Назима Калыковна
Коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сербаева Назима Калыковна 1971 жылы 03 қазанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын медико – профилактикалық іс мамандығы бойынша аяқтаған.
Тұрмыста, үш бала тәрбиелеуде.
Еңбек жолын 1994 жылы Ақтөбе қалалық санэпидстанциясында еңбек гигиенасы дәрігері болып бастаған. 2001 -2002 жылдары Қобда аудандық санэпидстанциясында дәрігер-бактериолог болып жұмыс жасаған. 2002 - 2011 жылдары Ақтөбе облыстық санэпидстанцияның санитарлық – гигиеналық бөлімінің еңбек гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі, Ақтөбе облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маман, санитарлық –карантиндік бөлімнің бастығы, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау және балалар мен жасөспірімдер гигенасы бөлімінің бастығы, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалау бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік санитариялық – эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тағам объектілеріне санитариялық – гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады. 2011 -2020 жылдары Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жасады.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жасайды.


