
Нағашыбаев Мұратбек Тұңғышбайұлы
Бөлім басшысының орынбасары
Өмірбаян
Нағашыбаев Мұратбек Тұңғышбайұлы 1985 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2007 жылы Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы №2 өрт сөндіру бөлімінің уақытша радиотелефонисі болып бастаған.
2012-2017 жылдары Қазалы аудандық білім бөлімінің жетекші маманы. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап 2020 жылдың маусым айына дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарып келді.
2020 жылдың маусым айынан 2022 жылдың сәуір айына дейін Қазалы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөлімінің басшысы қызметін атқарды
2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді