
Оспанова Айман Хожановна
Басшы орынбасарының м. а.
Өмірбаян
Туған күні: 02.07.1969 ж.
Туған жері: ОҚО, Бәйдібек ауданы.
Ұлты: қазақ.
Білімі: Жоғары.
Оқу орнының атауы: Алматы мемлекеттік медицина институты (1986-1992ж) мапмандығы-емдеу ісі, біліктілігі дәрігер. Орталық Азия инновациялық университеті, бакалавр, қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі, 2021 жыл, медицина ғылымының кандидаты.
Өмірбаяндық және еңбек жолы
1. 1992 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Түркістан қаласындағы орталық аудандық ауруханада интерн ретінде бастап, бір жыл бойы перзентханада акушер-гинеколог дәрігер болып қызмет атқарған.
2. 1992–1998 жылдары Түркістан қаласында акушер-гинеколог дәрігер болып еңбек етті. 1998 жылы №2 қалалық перзентханаға қызметке ауысып, 2005 жылға дейін жұмыс істеді.
3. 2005 жылы қалалық тері-венерологиялық диспансерге дәрігер болып ауысып, 2006 жылдан бастап аталған медициналық ұйымда бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарды.
4. 2011 жылдың ақпан айында №7 қалалық емхананың бас дәрігері қызметіне тағайындалды.
5. 2024 жылдан бастап медицина академиясында доцент, оқытушы қызметтерін атқарды.
6. 2026 жылдың тамыз айынан бастап Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.


