
Токбергенов Нураш Менлитаевич
Медициналық ұйымның басшысы
Өмірбаян
Туған күні: 01.04.1966 ж.
Туған жері: Ленгір ауданы, Шымкент обл.
Ұлты: қазақ.
Білімі: Жоғары.
Оқу орнының атауы: 1984 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу-ісі факультетіне студент болып қабылданды.
1983 жылы «Путь Ильича» колхозында жұмысшы болып еңбек жолын бастады.
1985-1987 жылдары Совет армиясында жауынгерлік борышын атқарды.
1992 жылы, Алматы мемлекеттік медициналық институтынан диплом алып, Шымкент қалалық Жедел-жәрдем ауруханасында хирург, нейро-хирург дәрігері болып қызмет атқарды.
2000 жылы Төлеби аудандық ауруханасының бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды.
2002 жылдан бастап, Төлеби аудандық Денсаулық сақтау бөлім басшысы болып жұмыс атқарды.
2007 жылы Ленгер қалалық емханасының бас дәрігері болды.
2008 жылы Сайрам аудандық медициналық бірлестігінің басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды.
2010 жылы Төлеби аудандық емханасының бас дәрігері болып жұмыс атқарды.
2012 жылы Шымкент қалалық №3 Отбасылық дәрігер емханасында бас дәрігер қызметінде болды.
2014 жылы Шымкент қалалық №9 емханасының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары болды.
2019 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №1 Оңалту орталығының бас дәрігері қызметін атқарады.




