
Кенжебаева Мадина Умбетовна
Медициналық ұйымның басшысы
Өмірбаян
Туған күні: 23.10.1971ж.
Туған жері: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы
Ұлты: қазақ.
Білімі: Жоғары.
Оқу орнының атауы: Алматы мемлекеттік медицина институты (1988 - 1995 ж.ж.) мамандығы-акушер-гинеколог; "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" (2019 - 2020 ж. ж.) . "Денсаулық сақтау МАГИСТРІ"
Денсаулық сақтау саласында еңбек жолын 1995 жылдың 28 тамызында Шымкент қаласы. №4 перзентханасында дәрігер-интерн қызметінен бастаған.
1996 жылдың 07 ақпаныннан – 2003 жылдың 09 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы №4 перзентханасында акушер – гинеколог қызметін атқарған.
2003 жылдың 10 желтоқсанынан 2007 жылдың 04 мамыр аралығында Кентау қалалық перзатханасының бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған.
2007 жылдың 04 мамырынан – 2007 жылдың 09 тамыз аралығында ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру және медициналық қызметті лицензиялау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған.
2007 жылдың 09 тамызынан – 2008 жылдың 18 қаңтар аралығында ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының емдеу профилактикалық қызметті үйлестіру және медициналық қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2008 жылдың 18 қаңтарынан – 2010 жылдың 26 ақпан аралығында №2 Шымкент қалалық перзентханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.
2010 жылдың 26 ақпанынан – 2010 жылдың 20 сәуір аралығында ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы бастығының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалған.
2010 жылдың 20 сәуірінен 2011 жылдың 31 қазан аралығында ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бастығының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалған.
2011 жылдың 31 қазанынан бастап 2011жылдың 21 желтоқсан аралығында «№1 Облыстық перинаталдық орталық» МКҚК бас дәрігері міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалған.
2011 жылдың 21 желтоқсанынан 2017 жылдың 17 қаңтар аралығында «№1 Облыстық перинаталдық орталық» МКҚК бас дәрігері міндетін атқарған.
2017 жылдың 17 қаңтарынан 2018 жылғы 07 желтоқсан аралығында ШЖҚ «№3 Қалалық емханасы» МКК бас дәрігері міндетін атқарған.
2018 жылдың 07-желтоқсанынан бүгінгі күнге дейін ШЖҚ Қалалық перзенхана» МКК бас дәрігері лауазымын атқаруда.




