Нурлыбаев Аманкелды Ергешбекович
Медициналық ұйымның басшысы
Өмірбаян
Туған күні: 28.09.1963 ж.
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы.
Ұлты: қазақ.
Білімі: Жоғары.
Оқу орнының атауы: Ортаазиялық медициналық педиатрия институты (1983 - 1989 ж.ж.) мамандығы-педиятрия, біліктілігі-дәрігер-педиатр. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті (2014 - 2016 ж. ж.) мамандығы-экономика, біліктілігі-бакалавр.
Еңбек жолын Шымкент облыстық ауруханасында отоларингология бойынша интерн дәрігер қызметінен бастаған. Кейін №4 қалалық балалар ауруханасының педиатр-дәрігері, ординатор-дәрігері, Шымкент жедел медициналық жәрдем ауруханасының реаниматолог-дәрігері, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасының невропатолог-дәрігері, анестезиолог-реаниматолог дәрігері, Сайрам аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, Сарыағаш аудандық ауруханасының, №2 Шымкент қалалық балалар ауруханасының, №2 Облыстық балаларды оңалту орталығының, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып еңбек еткен.
2021 жылдың 15 ақпан айынан бүгінгі күнге дейін МКҚК «Қалалық қан орталығында» директор қызметін атқарып келеді.




