
Аяғанова Сағыныш Серікқызы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Өмірбаян
1988 жылы 11 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2010 ж.), А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын (2012 ж.), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторантурасын (2019 ж.) бітірген.
Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ие.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің подполковнигі атағы бар.
2012 жылдан 2019 жылға дейін – қаржы полициясы органдарында, экономикалық тергеу қызметінде қызмет атқарды.
2019-2024 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
2024 жылғы 26 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары.
