
Айтжанова Сауле Калиакпаровна
«Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы
Өмірбаян
Сауле Калиакпаровна Айтжанова 1964 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс" мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1981 жылы Қарағанды қаласының №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының Хирургиялық бөлімшенің санитаркасы болып бастады;
1982-1983 жылдары Ыдыс цехының жұмысшысы, Еңбек Қызыл Ту Орденінің Қарағанды кондитерлік фабрикасы.
1983-1984 жылдары екінші дәрежелі сылақшы-сырлаушы, Қарағанды шахтострой комбинатының көмір өнеркәсібі құрылыс басқармасы,
1985-1989 жылдары Екінші дәрежелі сылақшы-сырлаушы, Қарағанды Облкиноремснаб,
1992-1994 жылдары Өндірістік оқыту шебері, Балхаш қаласының №3 ОКТУ,
1994-1995 Аға шебер, Балхаш техникалық лицейі,
1995 жылы Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары, Балхаш техникалық лицейі,
1995-1996 жылдары Техник, Балқаш ауданның пәтерлік пайдалану бөлімі,
1996-2001 жылдары Тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі инженер, Ауданның Балқаш пәтерлік пайдалану бөлімі,
2001- 2002 жылдары Екінші санаттағы 11 разрядтағы тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі инжэенер, Ауданның Балқаш пәтерлік пайдалану бөлімі,
2002-2004 жылдары Бірінші санатты тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі инженер, Балқаш аудандық пайдалану бөлімі,
2004-2006 жылдары Балқаш аудандық пайдалану бөлімінің тұрғын үй тобының бастығы,
2006-2010 жылдары Жоғары санатты тұрғын үй тобының бастығы, Балқаш аудандық пайдалану бөлімі,
2011-2012 жылдары Бас маман-тұрғын үй инспекторы, «Балқаш қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ,
2012-2016 жылдары Инженер-техник, «Балқаш қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ,
2016-2019 жылдары Абаттандыру, автокөлік жолдары, жолаушы көлігі және коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ,
2019-2020 жылдары Тұрғын үй инспекциясы секторының сектор меңгерушісі, «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ,
2020-2021 жылдары Тұрғын үй инспекциясы мәселелері жөніндегі бас маман, «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ,
2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін «Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы болып қызмет етті.