
Ербекешов Нурлан Хусанұлы
Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ербекешов Нурлан Хусанулы 1976 жылы 8 тамызда Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Экономика және құқық колледжінің «Құқықтану», 2003 жылы Қарағанды Экономикалық университетін «Экономика саласында құқықтық реттеу, заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Төлеби аудандық сотында сот мәжілісінің хатшысынан бастап 1998-2006 жылдар аралығында қызмет атқарған. 2006-2015 жылдар аралығында Төлеби аудандық әділет басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, ОҚО Әділет департаментінде бөлім басшысы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Түркістан облысының әділет департаментінде құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы қызметін атқаруда. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Әділет министрінің, ОҚО, Түркістан облысының Әділет департаменті басшыларының Грамоталары, Алғыс хаттарымен, Түркістан облыстық мәслихатының, Түркістан қаласы әкімінің Грамоталарымен, «Қазақстанның Заңгерлер одағы» РҚБ-ның Құрмет Грамотасымен марапатталған.