
Есенбекова Жанна Рашидқызы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы
Өмірбаян
1982 жылы Қарағанды облысында туған.
2002 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтады.
Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысы Әділет департаментінің жетекші маманы болып бастады.
2004 - 2005 жылдар аралығында Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаментінің бас маманы, Қаржы министрлігі Қаржы басқармасының бас маманы болып жұмыс жасады.
2005 жылы техникалық реттеу және метрология саласына келіп, Техникалық реттеу және метрология комитеті Халықаралық ынтымақтастық және құқықтық жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының басшысы, Ішкі Әкімшілендіру басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2017 - 2024 жылдары Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болды.
2024 жылғы 3 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды.


