Мәулетбаева Гүлмира Серікқызы

    Бөлім басшысы

    Мәулетбаева Гүлмира Серікқызы
    Руководитель отдела

    Мәулетбаева Гүлмира Серікқызы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Солтүстiк Қазақстан облысы, Ленин ауданы, Николаевка ауылында 1977 жылы 17 сәуiрде туылды. Ұлты қазақ. Бiлiмi — жоғарғы.

    1996 жылы Экономика және құқық колледжiн заңгер мамандығы бойынша тәмамдады. 2008 жылы Қазақстан-Ресей университетiн «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Еңбек қызметiн 1996 жылы «Жарғайын» атты ұжымдық кәсiпорынның штатында заңгер мамандығымен бастады.

    1998 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы ауыл шаруашылығы бөлiмiнде жетекшi маман лауазымына мемлекеттiк қызметке кiрдi.

    2003 пен 2004 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының прокуратурасында қызметкер болып еңбек еттi.

    2005 пен 2012 жылдар аралығында Қызылжар ауданы әкiмiнiң көмекшiсi лауазымында қызмет еттi.

    2012 мен 2017 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының әлеуметтiк даму бөлiмiнiң меңгерушiсi болды.

    2017 мен 2020 жылдар аралығында Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    2020 жылдың маусым айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының өтiнiштердiң қарастырылуын бақылау бөлiмiнiң басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері