Қожахметов Еркін Арыстанұлы

    Бөлім басшысы

    Қожахметов Еркін Арыстанұлы
    Руководитель отдела

    Қожахметов Еркін Арыстанұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Қожахметов Еркін Арыстанұлы — «Қосшы қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.
    Қостанай облысының тумасы.

    Еңбек жолын Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің аппаратында бастаған. Әр жылдары ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы, заң бөлімінің бас маманы, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас маман, сондай-ақ ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

    Әр кезеңде Арқалық қаласы Молодежный ауылының әкімі, «Арқалық қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, сондай-ақ Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.

    Кейін Ақмола облысында еңбек жолын жалғастырып, Қосшы қаласы әкімінің аппаратында инспекторлық және аумақтық бөлімнің басшысы лауазымын атқарды. Бұдан соң Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

    2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап, «Қосшы қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері